Аңдатпа
Бұл мақалада Таблиғи жамағаттан бастау алатын «Йақин инкар» тобының пайда болу себептері мен діни-танымдық негіздері баяндалып, теологиялық, саяси, та- рихи тұрғыдан сараланады. Пәкістандық Таблиғи жамағатпен байланысы мен олардың көзқарасы фиқһ, кәләм және тасаууф ілімдерінде қандай мектептерге негізделгені нақты- ланады. Зерттеуіміздің басты нысаны – «Йақин инкар» қозғалысы қаншалықты консерва- тивті көзқарасты басшылыққа алатындығы немесе заман ағынымен санасатындығы айты- лады. Себебі осы принциптерге сәйкес бұл ұйымның террорлық, зорлық-зомбылық әрекет пен саясатқа қатысы, қауіп-қатері анықталып, көршілес және әлемдегі сарапшылардың тұжырымы келтіріледі. Жаһандық жиһадизмге қатысы мен радикалдық элементтері қай деңгейде екені нақтыланады. Себебі осы өлшемдер негізінде қоғамға ықпалы мен одан туындайтын салдарды алдын ала бағамдау арқылы тиімді нәтижеге қол жеткізе аламыз. Сондай-ақ Қазақстанның зайырлы ұстанымымен, демократиялық даму жолымен қан- шалықты үйлесетіні тілге тиек етіледі. Қазақстанның діни-рухани қауіпсіздігін қамтама- сыз ету мақсатында жан-жақты, кешенді, алдын ала жасалған осындай ақпараттық, ғылы- ми танымдық тың зерттеулерді халыққа дер кезінде ұсыну өте маңызды. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу жұмысымыз өзекті.


