Кілтті сөздер

сопылық, ислам, қазақ дүниетанымы, фольклор, батырлар жыры, миф.

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Керімбек, Ж. (2025). ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘУЛИЕ ОБРАЗЫ: БАБА ТҮКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(08). https://doi.org/10.63727/ris202584-11

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл мақалада қазақ халқының рухани-діни дүниетанымындағы "әулие" ұғымы және оның ислам діні аясында қалыптасуы қарастырылады. "Әулие" түсінігінің Құран Кәрім мен хадистердегі мәні, қазақ даласына ислам дінінің, соның ішінде сопылық ілімнің таралуымен байланысы талданады. Зерттеу барысында қазақ фольклоры, жыраулар поэзиясы, батырлар жыры мен тарихи деректер негізінде Баба Түкті Шашты Әзиз әулиенің тұлғасы жан-жақты сипатталады. Оның Алтын Орда дәуіріндегі исламдандыру үдерісіндегі орны, халық жадындағы қасиеті, пір, әрі желеп-жебеуші әулие ретіндегі бейнесі ашып көрсетіледі. Сонымен қатар әулиелерді пір тұту дәстүрінің қазақ мәдениетіндегі сабақтастығы мен тарихи-мифологиялық қырлары сараланады.

https://doi.org/10.63727/ris202584-11