Кілтті сөздер

иман
Матуридилік ақида
күпірлік
Шиһабуддин әл-Мәржәни
тақлид
жәдидшілдік

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Аскар, А., & Купешова , Г. . (2025). ИМАН ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ РАЦИОНАЛДЫ НЕГІЗДЕЛУІ: ШИҺАБУДДИН МӘРЖӘНИ КӨЗҚАРАСЫ АЯСЫНДА: . ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(08). https://doi.org/10.63727/ris202484-3

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада ислам ақидасындағы иман ұғымы Ханафи–Матуриди теологиялық дәстүрі аясында қарастырылады. Зерттеудің негізгі нысаны – XIX ғасырдағы көрнекті мұсылман ғалымы әрі реформатор ойшыл Шиһабуддин әл-Мәржәнидің (1818–1889) иман мәселесіне қатысты көзқарастары. Мақалада иманның анықтамасы, оның жүрекпен бекітілуі, амалмен арақатынасы, сондай-ақ тақлид арқылы иман келтіру мәселесі жан-жақты талданады. Мәржәнидің иманды таныммен (мағрифат), ақылмен және дәлелмен байланыстыра түсіндіру әдісі Матуридилік ақида жүйесімен салыстырмалы түрде зерттеледі. Сонымен қатар ойшылдың діни танымдағы жаңашыл ұстанымдарының қазіргі мұсылман қоғамындағы діни сана, радикализм мен такфиризмнің алдын алу тұрғысындағы маңызы айқындалады. Мақаланың мақсаты иман ұғымын жан-жақты зерттеп, иман ақиқатын терең түсіндіру. Күнімізде дау тудырып жүрген күпірлік, дін мен ғылым тақырыптары ашылып, классикалық әдебиеттер желісінде заманауи көзқараста зертеледі. Сонымен қатар, «жәдидшілдік» деп танылған құбылыс пен «жәдидшіл» аталған Мәржәнидің діни тұлғасы мен Матуриди мектебінің арақатынасы айқындалады. Зерттеу барысында классикалық ислам дереккөздерінен зерттеулер кеңінен пайдаланылды. Мақаланың ғылыми нәтижелері Мәржәни мұрасының Матуридилік ақиданы жаңғыртудағы және ақылға негізделген иман түсінігін қалыптастырудағы ерекше рөлін көрсетеді. Мақала дін философиясы, исламтану және теология саласында зерттеу жүргізетін мамандар мен зерттеушілерге арналған.
https://doi.org/10.63727/ris202484-3