Кілтті сөздер

artificial intelligence
Maqasid al-Sharia
ethics
morality
digital ethics
regulation of AI

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Баймаханова Z., & Темирбаева A. (2025). МАҚАСИД АШ-ШАРИҒА АРҚЫЛЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЭТИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАТИВТІ МОДЕЛІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(08). https://doi.org/10.63727/ris202584-7

Аңдатпа

Бұл мақалада Макасид аш-Шари‘а тұжырымдамасы жасанды интеллектті (ЖИ) реттеудің іргелі этикалық негізі ретінде қарастырылады. Мақалада Макасид аш-Шари‘аның тарихи қалыптасуы мен теориялық негіздерін талдау үшін сапалық зерттеу әдістері қолданылған. Зерттеу барысында 2020–2025 жылдар аралығында Google Scholar наукометриялық дерекқорында жарияланған ғалымдардың еңбектері қарастырылды.

Авторлар заманауи технологиялар мен рухани құндылықтар арасындағы алшақтықты талдап, оны шешудің жолы ретінде исламдық жасанды интеллект этикасының үш кезеңді моделін ұсынады. Бұл модель қоғамдық игілікке әсерді міндетті бағалауды, сәйкестік стандарттарын енгізуді және қадағалау кеңесін құруды қамтиды. Аталған әдіс әділеттілік пен адамға құрмет қағидаларын бағдарламаларды әзірлеу процесінің өзіне тікелей енгізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде жасанды интеллект қауіп көзі болудан қалып, адам құқықтары мен құндылықтарын бұзбай, қоғам игілігіне қызмет ететін сенімді құралға айналады.

https://doi.org/10.63727/ris202584-7