PDF

Кілтті сөздер

Құран
сүннет
мәзһаб
истихсан
шариғи
дәлел
мужтаһид
үкім

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Мухитдинов, Р., & Жұмағали, С. (2025). ИСТИХСАН – ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 1(05), 67–78. https://doi.org/10.63727/ris202551-6

Аңдатпа

Истихсан – ислам құқығындағы ғибадат, муғамалат (сауда-саттық), отбасы және қоғамдық мәселелер сияқты фиқһтың басқа да тақырыптарында кең қолданылатын шариғи дәлел. Қоғамның алға жылжуы және ғылым мен техниканың дамуына байланысты туындаған жаңа мәселелердің түйінін шешу құралы, әдісі. Ол усул әл-фиқһ ғылымының зерттеу нысанына, қатыстыратын тақырыбына жатады. Сонымен қатар шариғат мақсаттарын іске асыруда Құран мен сүннетке негізделе отырып истихсан әдісінің атқаратын рөлі өте жоғары. Истихсанның тәжірибелік қолданысы түсінікті болуы үшін күніміздегі жаңа мәселелерден мысалдар келтірілді.

Мақалада истихсанды діни үкім шығаруда басшылыққа алу мәселесіне қатысты ғалымдардың, мәзһаб имамдарының пікірлеріне талдау жасалды. Олардың арасында пікір алшақтығы орын алған тұстары анықталып, дәлелдері мен ғылыми уәждері сараланды. Көптеген ғұламаның истихсан дәлеліне берген анықтамаларын салыстыру, олардың берген анықтамаларындағы ортақ ойды тауып, истихсанның усул әл-фиқһ іліміндегі дәлелдік қуатын анықтау мақаланың бір мақсаты болды. Мақалада әртүрлі мәзһаб ғұламаларының истихсанға қатысты терминдік анықтамалары жинақталған. Сонымен қатар белгілі бір терминдік анықтама имам Әбу Ханифаға тиесілі емес екендігін зерттеу барысында анықталды. Зерттеу нәтижесінде мәзһабтардың истихсан дәлеліне берілген анықтамалар мен түсініктемелерді талдау арқылы, мәзһаб арасындағы келіспеушіліктердің тілдік тұрғыда ғана орын алғандығы тұжырымдалды. Нәтижесінде ғалымдардың истихсан дәлелі шеңберінде болған келіспеушілік жоқ екендігі және исхтихсан әдісімен барлық мәзһаб ғалымдарының фиқһи практикалық мәселелерді шешуде қолданғандығы анықталды.

https://doi.org/10.63727/ris202551-6
PDF