PDF

Кілтті сөздер

мәмлүк
халифа
Байбарыс
заңдылық
мәзһабтар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сәки, Қ. (2025). МЫСЫРДАҒЫ МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ БИЛІГІНІҢ ИСЛАМИ ЗАҢДАСТЫРЫЛУЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 4(04). https://doi.org/10.63727/ris202444-5

Аңдатпа

Байбарыс сұлтан бастаған мәмлүктер өздерінің билігін заңдастыру үшін дінді саяси мақсатқа пайдаланды. Олар әскери емес саланы жергілікті дін адамдарының басқаруына бере отырып, беделді шейхтерді бақылауда ұстауға ұмтылды. Байбарыс сұлтан 1261 жылы Каирде халифаны қайта таққа отырғызып, мәмлүк қыпшақ билігін Египетте ғана емес, бүкіл мұсылман әлемінде заңдылық тұрғысынан бекітті. Оның үстіне крестшілер мен елхан империясына қарсы жан аямай күресуі олардың мұсылмандар алдындағы беделін көтерді.

Қыпшақ мемлекетіне барынша түркілік сипат беруге тырысты. Дешті-Қыпшақпен байланысты жандандырып, жауынгерлік дала дәстүріне, ана тіліне адалдығынан танбады. Қырымнан жылына екі кеме қыпшақ бозбала мен бойжеткендерді алып өтумен бірге түркі жылқысы, бүркіт, байтөбет, тазы, қос өркешті түйе әкелетін.

Қыпшақ мәмлүктер кезінде Египет түркі мемлекеті империяға айналып, оның ислам дiнiнiң төрт мәзһабын теңестіруі әр мәзһабтың білгірлеріне, ғұламаларға деген сұраныс тудырды. Каирге Түркістаннан шыққан ғұламалар, шейхтер келе бастады.

https://doi.org/10.63727/ris202444-5
PDF