Аңдатпа
Адамгершілік – адамның адамға өзгеруінде (ауысуында) немесе адамның адам болып қалыптасуында шешуші рөл атқаратын этикалық бірлік, ұғым. Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдептік ұғым. Адамгершіліктің шығуы мен дамуы адамзат қоғамының пайда болуы және дамуымен тығыз байланысты. Адамгершілік адамның адамшылық сапасы шеңберінде өмір сүру қабілетінің біріне жатады. Адамгершілік нормалар қоғамның ең алғаш пайда болған кезеңінен бастап қызмет атқарып алғашқы адамдардың өзара қарым-қатынастарын белгілеп отырған. Мәселен, егер діни көзқарастар адамзат қоғамы дамуының белгілі бір ғана дәуірінде қалыптаса бастаған болса, моральдық нормалар қоғамның ең алғаш пайда болған кезеңінен бастап қызмет атқарып, алғашқы адамдардың бірге қарым-қатынастарын белгілеген. Демек, мораль – қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасын реттейтін белгілі бір нормалардың, мінез-құлық принциптерінің жиынтығы ретінде, кез-келген адамдардың ұжымдық өмір сүруінің қажетті шарты. Олай болса, адамгершілік нормаларының қалыптасуына адамзат қоғамының қалыптасуы мен дамуы өз тарихында белгілі бір із қалдырып, қоғамның тарихи кезеңдері арқылы адамгершілік нормалар өзгеріп дамып отырған.


