PDF

Кілтті сөздер

Құран
сүннет
ислам құқығы
ижтхад
пәтуа

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Әділбаев, А., & Әділбаева, Ш. (2024). ИСЛАМ ҚҰҚЫҒЫ ӘДІСНАМАСЫНДА ИЖТИХАД ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ. ИСЛАМТАНУ ЗЕРТТЕУЛЕРІ, 3(03), 68–83. https://doi.org/10.63727/ris202433-6

Аңдатпа

Ислам құқығы – адам өмірінің барлық саласын қамтитын кешенді жүйе. Мұсылман баласының діни әрі дүниелік міндеттері мен жауапкершіліктерін, Алла Тағала және өзге адамдармен қарым-қатынасын реттейді. Ислам құқығында құқықтық нормалар белгілеуде пәтуаның рөлі ерекше. Өз кезегінде қандайда бір мәселеге қатысты пәтуаға қол жеткізу ижтихадты талап етеді.

Діннің ең негізгі дереккөзі саналатын Құран мен хадистерде адам баласын ойлануға, терең үңілуге шақыратын мәтіндер көптеп кездеседі. Сол тұрғыдан алғанда ижтихад діни мәтіндерді дұрыс түсініп, жүзеге асыруда аса маңызды саналатын – рационалды әрекет. Уақыт сынаптай сырғып өткен сайын өмірдің ұдайы өзгеріп, жаңа мәселелердің тоқтаусыз туындай берері – шындық. Діни мәтіндердің шектеулігі мен туындайтын мәселелердің шектеусіздігі ижтихад құбылысының әрдайым өзектілігін жоймайтындығын көрсетеді.

Осы мақалада ислам құқығы методологиясында сонау ерте кезеңнен бастап қолға алынып, түрлі тұжырымдарға түрткі болған ижтихад ұғымы, мән-мағынасы мен қамту аясы, үкім шығарудағы маңызы, ижтихадқа құзыреттілік шарттары, ижтихадтың үкімі, ижтихадқа рұқсат етілген және етілмеген мәселелер, ижтихадтың бөлініп-бөлінбейтіндігі мен ижтихадтың тоқырауына жол ашқан «ижтиха есігінің жабылуы» мәселесінің себеп- салдары, кейінгі ғасырдағы жаңа ұмтылыстар жан-жақты талқыланып, сараланады.

https://doi.org/10.63727/ris202433-6
PDF