«Исламтану зерттеулері» ғылыми журналы – Қазақстандағы исламтану және дінтану салаларындағы ғылыми ойды дамытуға зор үлес қосатын бірегей алаң. Журнал қазіргі заманғы діни үдерістерді, ислам философиясын, тарихын, мәдениетін және қоғамдағы рөлін жан-жақты ғылыми тұрғыда талдауға мүмкіндік береді. Ол отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерін жариялау арқылы діни танымды тереңдетіп, діни радикализмге қарсы ғылыми негізделген тұжырымдар ұсынады. Сонымен қатар, журнал діни білім беру, зайырлылық принциптері мен ұлттық руханият мәселелерін де қамти отырып, ғылыми қауымдастық пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.

Мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді тіркеу туралы куәлік: № KZ45VPY0009, 15.09.2023 ж.
Журнал ISSN орталығында тіркелген: ISSN 3005-9089
DOI: 10.63727/ris
Мерзімділігі: жылына 4 рет.
Меншік иесі: «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» ЖК (Алматы, Қазақстан)
Басылым тілдері - қазақ, орыс, ағылшын, араб
Таралым аумағы: Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және алыс шет мемлекеттер
Журналдың мақсаты - пәнаралық пікірталастарға бастама болу, пікір алмасу, шет мемлекеттер мен Қазақстанның түрлі оқу орындары ұйымдарының зерттеушілері мен оқытушыларының тәжірибесін қорытындылау.
Ғылыми жарияланымдар этикасы комитетінде (COPE) белгіленген қағидаларды (https://publicationethics.org/core-practices), ғылыми зерттеулердегі ұлттық және халықаралық тәртіп ережелерін қолдайды және қолданады.