ҒТАМР/SRSTI/ГРНТИ 21.15.47 https://doi.org/ 10.63727/ris202573-1
Ж.С.Сандыбаев1
1 Мақсұт Нәрікбаев университеті, Астана, Қазақстан
e-mail: Abu_tasnim@mail.ru
ҒАЗАЛИ ІЛІМІНДЕГІ АДАМ МЕН ҚОҒАМ: ЭТИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ФИЛОСОФИЯСЫ (үлкен әріппен 12 кегль)
Аңдатпа. Бұл мақалада Әбу Хамид әл-Ғазалидің адам мен қоғам қарым-қатынасындағы этикалық құндылықтар философиясы кеңінен талданады. Ойшылдың «орта жол» қағидасы адамның табиғи құмарлықтары мен ашу күшін мүлдем жою емес, оларды ақылға бағындыру қажеттігін дәлелдейді. Ғазали жүректің тазалығы, еркіндік пен адамдық болмыстың мәні туралы терең ой қозғайды. Ол сұхбат әдебі, достық пен бауырмалдық, сапар мәдениеті, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс сияқты қатынастардың рухани кемелденуге ықпалын айқындайды. Ғазали білім мен тәрбиенің бірлігін жеке тұлғаның дамуы мен қоғамдағы үйлесімнің басты тетігі ретінде қарастырады. Оның ілімі бойынша адам білім мен көркем мінезді игеру арқылы ғана қоғамға мейірім мен сүйіспеншілік дарытып, шынайы еркіндікке қол жеткізе алады. ( көлемі кемінде 150 -300 сөз, 10 кегль)
Түйін сөздер: Ғазали, ислам философиясы, этикалық құндылықтар, адам, қоғам, кемел адам, достық, сұхбат мәдениеті, ұстаз және шәкірт, мораль, этика. (6-8 сөз. 10 кегль)
1جالغاس ساندىباييف
جامعة ماكسوت ناريكباييف، أستانا، كازاخستان1
e-mail: Abu_tasnim@mail.ru
الإنسان والمجتمع في فكر الغزالي: فلسفة القيم الأخلاقية
الملخص :تتناول هذه المقالة فلسفة القيم الأخلاقية في علاقة الإنسان بالمجتمع عند أبو حامد الغزالي بشكل موسع. تؤكد قاعدة «الطريق الوسط» التي طرحها المفكر على ضرورة إخضاع الشهوات والغضب للعقل، لا القضاء عليها بالكامل. يناقش الغزالي بعمق نقاء القلب، والحرية، ومعنى الوجود الإنساني. كما يبرز تأثير آداب الحوار، والصداقة والأخوة، وثقافة السفر، والعلاقة بين المعلم والتلميذ في تحقيق الكمال الروحي. ويرى الغزالي أن وحدة العلم والتربية هي مفتاح تطور الفرد وتحقيق الانسجام في المجتمع. ووفقًا لتعاليمه، لا يستطيع الإنسان أن ينشر الرحمة والمحبة في المجتمع ويصل إلى الحرية الحقيقية إلا من خلال اكتساب العلم وحسن الخلق.
الكلمات المفتاحية: الغزالي، الفلسفة الإسلامية، القيم الأخلاقية، الإنسان، المجتمع، الإنسان الكامل، الصداقة، ثقافة الحوار، المعلم والتلميذ، الأخلاق.
Zh. Sandybayev1
1Maksut Narikbayev University, Astana, Kazakhstan
e-mail: Abu_tasnim@mail.ru
HUMAN AND SOCIETY IN AL-GHAZALI’S THOUGHT: THE PHILOSOPHY OF ETHICAL VALUES
Annotation. This article explores Abu Hamid al-Ghazali’s philosophy of ethical values in shaping the relationship between the individual and society. Central to his thought is the «middle path,» which calls not for suppressing natural desires or anger but for guiding them with reason. Al-Ghazali reflects deeply on inner purity, freedom, and the essence of human existence. He examines the ethics of dialogue, friendship and brotherhood, travel etiquette, and the teacher–student relationship as key means of spiritual growth. Knowledge and moral cultivation, in his view, form the foundation of personal development and social harmony. By uniting education with refined character, Al-Ghazali offers a comprehensive model where compassion, self-discipline, and the pursuit of truth enable both individual fulfillment and a just, balanced society.
Keywords: Al-Ghazali, Islamic philosophy, Ethical values, Human, Society, Perfect human, Friendship, Culture of dialogue, Teacher and student, Morality, Ethics.
Ж.С.Сандыбаев1
1Университет Максута Нарикбаева, Астана, Казахстан
e-mail: Abu_tasnim@mail.ru
ЧЕЛОВЕК И ОБЩЕСТВО В УЧЕНИИ АЛЬ-ГАЗАЛИ: ФИЛОСОФИЯ ЭТИЧЕСКИХ ЦЕННОСТЕЙ
Аннотация. Статья посвящена философии этических ценностей в учении Абу Хамида аль-Газали о взаимоотношении человека и общества. Мыслитель развивает идею «золотой середины», подчеркивая необходимость не уничтожения природных страстей и гнева, а их подчинения разуму. Особое внимание уделено вопросам очищения сердца, свободы и смысла человеческого бытия. Анализируются этика беседы, дружбы и братства, нормы поведения в путешествиях, а также отношения между учителем и учеником как важнейшие элементы духовного совершенствования. Газали рассматривает знание и нравственное воспитание как ключ к личностному росту и общественной гармонии. Его подход показывает, что истинная свобода и гармоничное общество возможны лишь через сочетание образования, внутренней дисциплины и развития высоких моральных качеств.
Ключевые слова: Газали, исламская философия, этические ценности, человек, общество, совершенный человек, дружба, культура беседы, учитель и ученик, мораль, этика.
Кіріспе
Имам Ғазали – исламдық ой тарихында елеулі орын алатын ұлы ғұлама. Имам Ғазали, толық аты-жөні Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали (1058-1111) Хорасан аймағында дүниеге келген. Ғазали жастайынан діни білім алып, фиқһ, теология, тәпсір, хадис сияқты ислам ғылымдарын жетік меңгерген. Имам Ғазалидің ең маңызды еңбектері: «Ихья әл-Улумиддин» (Дін ғылымдарының қайта жаңғыруы), «Кимйә әс-Саадат» (Бақыт химиясы), «Әдәб ул-Муфрадат». «Ихья әл-Улумиддин» – исламдағы рухани өмірді жандандыру мен нығайтуға бағыт-бағдар беретін жан-жақты еңбек. Ғазалидің бұл еңбегі ислам әлемінің ең маңызды философиялық және мистикалық шығармаларының бірі болып саналады. Имам Ғазали исламдық ой тарихында философия мен сопылықты синтездеді. Сопылық көзқарасымен танымал болған Ғазали философиялық шығармаларымен де танымал. Оның исламдық ойға деген сыни көзқарастары сол кезде де, бүгінде де құрметке ие.
Зерттеу әдістері
«Ғазали іліміндегі адам мен қоғам: этикалық құндылықтар философиясы» тақырыбын объективті ашу үшін біршама зерттеу тәсілдері мен әдіснамалары қолданылды. Айталық, Имам Ғазали философиялық ойларының мәні мен мағынасын ашу үшін, оның еңбектеріне философиялық, герменевтикалық талдау әдісі қолданылды. Салыстырмалы әдістеме арқылы Имам Ғазалидың этикалық көзқарастары өзге ғалымдардың ойларымен салыстырылды. Ойшыл өмір сүрген кезеңдегі тарихи, саяси және діни жағдайларды қарастыру үшін тарихи әдіс басшылыққа алынды. Сондай-ақ жүйелік әдіс арқылы адам мен қоғам арасындағы моралдық қатынастар тұтас жүйе ретінде қарастырылды.
Негізгі бөлім
Ортағасыр мұсылман философиясында қоғамды қайта құруға байланысты қоғамдық-саяси мәселелермен шұғылдану әрекеті кеңінен тарады. Бұл шақта саяси-мемлекеттік теориялармен шұғылданған негізгі үш ағым қалыптасып үлгерді: біріншісі әрі беделдісі, мұсылман құқықтанушылары (факиһтер) мен дін ғұламаларының тұжырымдамасы; екіншісі, утопиялық теориялардың негізінде түрлі «қайырымды қалаларды» жасаушы араб тілді перипатетиктердің тұжырымдамалары және үшіншісі, әт-Таухиди, Ибн Мискауай, Ибн Туфейлдің және т.б. саяси-әдептік теориялары.
Араб тілді перипатетиктер мен әдебиетші, филологтардың теориялары бір-бірінен баяндау әдісімен ерекшеленгенімен олардың барлығының жалпы мақсаты, дана басшының саналы билігінің астында бақытты ғұмыр кешу еді. Ол үшін бірінші басшының бойында әл-Фараби айтқандай «ізгілікті мінез» болуы қажет еді.
Көркем мінездің адам өміріндегі маңызы мен орнын көрсете білген сондай ғалымдардың бірі Ғазали: «Адам баласы тірі тұрғанда құмарлық, ашу, дүниесүйгіштік сияқты т.б. мінезден арылмайды», – деген пікірді сынға алады [1, 144 б.]. Өйткені бұлар құмарлық мінезін нәпсіден түп-тамырымен алып тасау қажет деп түсінеді. Негізінде олай емес, яғни құмарлық – табиғи қажеттілік. Бұл қасиет белгілі бір пайда үшін жаратылған. Егер ол толықтай сөніп қалса, онда адам бір пәлекетке дұшар болары анық. Сол сияқты егер ашу қүші толықтай жоқ болса, адам өзінің өліміне себеп болатын нәрселерге қарсы күресе алмай, нәтижеде олар адамды жоқ етері анық.
Себебі Ғазалише адам табиғатындағы құмарлық күші, оның мал-мүлікке қызығушылығын оятады. Бұл махаббат адамды құмарлыққа жетектеп, тіпті дүние жинауға үндейді. Мақсат – бұл қасиеттерді мүлдем жоқ қылу емес, керісінше оларды бір орта өлшемге бағындыру. Сол сияқты адам бойындағы ашу сипатына келсек, мұндағы қорқақтық пен ашушаңдықты тәрбиелеп, оны да көркем жағдайда сақтай білу қажет. Жалпы айтқанда, ашудың орташа деңгейіне иелік қылған адам – күшті адам. Ол оны ақылына бағындырады [2, 371 б.].
Қорытынды
«Ислам құжаты» атанған Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазалидің есімі тек ислам өркениеті үшін ғана емес, күллі әлем өркениеті үшін де аса маңызды болып табылады. Оның еңбектері және ойлары философия, теология және этика салаларына терең әсер етіп, адамзаттың рухани даму жолында із қалдырды. Оның еңбектері және ойлары орта ғасырлардағы адамзат ойының дамуына айтарлықтай ықпал етті, тіпті Еуропаға да жетті. Оның шығармалары философия, теология және этика салаларындағы пікірталастарға бағыт берді және бүгінгі күнге дейін зерттелуде. Араб, иран және ислам әлемін зерттеуші француз шығыстанушысы А. Массэ ол туралы былай деп жазды: «Ғазалидың әсері соншалықты терең болды, оны Фома Аквинскиймен салыстыруға болады. Мұның дәлелі – аристотелизмнің мүлдем беделдігінен айрылғандығы» [11, 165 б.].
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мухаммед әл-Ғазали. Ихия’у ‘улум әд-Дин. – Мысыр: Дар әл-Иман, 1996. – Т. 3. – 584 б.
2. D. Sunar. Islam Felsefesi Dеrsleri. – Аnkara: Аnkara nashryati, 1967. – 371 s.
REFERENCES
1. Abu Hamid Muhammed ibn Muhammed al-Gazali. İhia’u ‘ulum ad-Din. – Mysyr: Dar al-İman, 1996. – T. 3. – 584 b.
2. D. Sunar. Islam Felsefesi Darsleri. – Ankara: Ankara nashryati, 1967. – 371 s.
7. Abu Hamid Muhammed ibn Muhammed al-Gazali. İhiıa’u ‘ulum ad-Din. – Mysyr: Dar al-İman, 1996. – T.1.– 525 b.
8. Burabaev M.S. Farabi Aristotelden keiıngı ekınshı ustaz (Al-Farabi is the Second Teacher after Aristotle). – Almaty: Mariıa, 2006. – 280 b.
***
Авторлар туралы мәлімет:
Сандыбаев Жалғас Садуахасұлы – филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор. Мақсұт Нәрікбаев университеті, Қазақ және ислам құқығы орталығының бас сарапшысы (Астана, Қазақстан, e-mail: Abu_tasnim@mail.ru, ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-3878-3122).
معلومات عن المؤلفين:
ساندياييف جالغاس سادوآخاسولي– دكتوراه في الفلسفة، أستاذ مشارك. خبير رئيسي في مركز القانون الكازاخي والإسلامي بجامعة ماكسوت ناريكبايف (أستانا، كازاخستان،.(e-mail: Abu_tasnim@mail.ru)
Information about authors:
Sandybaev, Zhalgas Saduakhasuly – Candidate of Philosophy, Associate Professor. Chief Expert at the Center for Kazakh and Islamic Law, Maksut Narikbayev University (Astana, Kazakhstan, e-mail: Abu_tasnim@mail.ru, ORCID ID: https://orcid.org/0000-0002-3878-3122).
Информация об авторах:
Сандыбаев, Жалғас Садуахасұлы – кандидат философских наук, ассоцированный профессор. Ведущий эксперт Центра казахского и исламского права Университета Максута Нарикбаева (Астана, Казахстан, e-mail: Abu_tasnim@mail.ru, ORCID ID:https://orcid.org/0000-0002-3878-3122).

