Аңдатпа
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.) дүниеден өтуін мұсылман қоғамы ауыр қабылдады. Оның соңғы сәті жайында тарихи кітаптарда арнайы тақырыптармен баян- далған. Бұл мақалада Мұхаммед пайғамбардың қазасы жайында мәлімет бере отырып, жуындыру, кебіндеу, қабірін қазу мен жаназасын оқуға қатысты тың деректер ұсынылады. Сондай-ақ Әбу Бәкірдің стратегиялық ойлау қабілетіне де талдау жасалады. Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуіне қатысты мәліметтер бар болғанымен оның қайтыс болуы- на қатысты ақпараттар аз. Бұл еңбек осы олқылықтың орнын толтыруға арналған. Мақа- лада Мұхаммед пайғамбардың соңғы күндері сарапталады. Сондай-ақ ғылыми талданып, негізгі ой тұжырымдалады.


