الكلمات المفتاحية

الإسلام
السكيوريتزة
الدولة
الأمن القومي
العلمانية
الأمة

كيفية الاقتباس

سيكيمبايفا Д., & بولان Ж. (2026). تأمين الإسلام (سكيوريتزة الإسلام): الاتجاهات العالمية والإقليمية والوطنية. بحوث في الدراسات اإلسالمية, 1(9). https://doi.org/10.63727/ris202691-9

الملخص

КСРО ыдырағаннан кейін болашақ ұлттық мемлекеттердің дамуында исламның саяси және идеологиялық рөліне қатысты түрлі болжамдар мен пікірталастар қалыптасты. Шетелдік және отандық ғылыми-сараптамалық ортада Орталық Азия мемлекеттері Ислам әлемінің ықпалына толық қосылып, фундаментализм мен радикализм ошағына айналуы мүмкін деген қауіпке негізделген тұжырымдар кеңінен таралды. Нәтижесінде «ислам қаупі» аймақтық және халықаралық деңгейдегі ресми дискурстың өзегіне айналып, әсіресе құқық қорғау және қауіпсіздік құрылымдарының қызметінде басым бағыттардың біріне айналды.

             Осы жағдайларда Орталық Азия мен Қазақстандағы исламның қайта жандануы парадоксалды сипат алды. Бір жағынан, ислам әлеуметтік-экономикалық трансформациялар мен неолибералды реформалар жағдайында қоғамның рухани ізденісінің көрінісі ретінде байқалды. Екінші жағынан, саяси режимдер, ғылыми қауымдастықтың бір бөлігі және зайырлы қоғамдық орта исламды көбіне секьюритизация призмасы арқылы қабылдап, нәтижесінде исламофобиялық дискурстардың күшеюіне ықпал етті.

              Бұл мақалада исламға қатысты секьюритизация құбылысының мазмұны мен мәні талданып, оның мемлекеттік саясат пен қоғамдық дискурсқа ықпалы қарастырылады. Сонымен қатар, аталған үрдістің әлеуметтік және саяси салдарлары айқындалады.

https://doi.org/10.63727/ris202691-9